Енді әйелін ұрғандар айыппұлмен құтылмайды

21 Сәуір 2022, 15:03
2521
Бөлісу:
Енді әйелін ұрғандар айыппұлмен құтылмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Әсет Оспанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер үшін қамауға алу мерзімі 3 тәуліктен 5 тәулікке дейін ұзартылды. Отбасылық тұрмыстық салада денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу бойынша деректері бойынша санкцияларға қамауға алу баптарын енгізе отырып, айыппыл төлеу сынды тиімсіз жазалау алынып тасталды, - деді Әсет Оспанов. 

Оның айтуынша, соттың тараптардаы татуластыру және құқықбұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар беру туралы шешімдер бойынша  міндеті кеңейтілді. 

Оларды бұзғаны үшін жауапкершілік енгізілді. Биылғы көрсеткіштер де өткен жылғы деңгейде қалып отыр. Тіркелген құқықбұзушылық саны жалпы қылмыстың 1-2 пайызын құрайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің жартысынан көбі әйелдер, - деді ол. 

Оспанов айтқандай, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлар әсер етеді. 

Жұмыссыздық, ішімдік ішу және бұрыннан келе жатқан ішкі отбасылық мәселелер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа алып келуі мүмкін, - деді ол. 

 

 

Өзгелердің жаңалығы