Енді әскери борышын өтегендер грантқа түсе ала ма? – министрдің жауабы

23 Қыркүйек 2022, 14:14
2121
Бөлісу:
Енді әскери борышын өтегендер грантқа түсе ала ма? – министрдің жауабы

2023 жылдан бастап әскери борышын өтегендер ЖОО-ға грантқа түсе алады деген ақпарат тараған еді. Бұл механизмге қатысты Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қорғаныс министрлігі бізге осындай ұсыныспен шықты. Бұл жерде ескеретін екі жайт бар. Біріншісі, гранттарды біз тек қана заңды түрде ҰБТ-ның нәтижесі бойынша бере аламыз. Екіншісі, Қорғаныс министрлігі бірнеше өзіміздің жоғары оқу орындарымен келіскен жағдайда ғана іске асады. Біз қарсы емеспіз. Біз жастарымыздың әскери қызметін атқаруы үшін бір тетігін табуымыз керек. Қазіргі таңда өкінішке қарай, көп жастарымыз әскери қызметке келмейді де, бармайды да, - дейді білім министрі.

Оның айтуынша, мұндай жоба халықаралық тәжірибеде бар.

Израиль, АҚШ Елдері тіпті көрші тұрған Өзбекстанда да осындай тетіктер бар. Бұл грант емес, университеттердің жеңілдіктері немесе ақылы түрде оқуын жалғастыруға ғана мүмкіндік бере алады. Гранттарды тек ҰБТ-ның негізінде береміз. Бұл жерде ешқандай заңды бұзбаймыз. Біз Қорғаныс министрлігін қолдауымыз керек, - деді ол орталық коммуникациялар алаңындағы баспасөз мәслихатында. 

Еске сала кетейік, Қорғаныс министрлігі әскери борышын өтеп келгендер сынақсыз жоғары оқу орнына түсе алатынын айтқан еді

Жобаны іске асыруды бастап кеттік. Қазіргі таңда егжей-тегжейлі пысықталып жатыр. Осы орайда Қорғаныс министрлігінің бірқатар бұйрығына өзгеріс енгізілуде. Біздің жоспарымызға сай, әскердегі борышын өтеген кез келген азамат еліміздің жоғары оқу орындарына ҰБТ-сыз ақылы бөліміне түседі алады. Ал әскер қатарындағы үздіктер тегін оқи алады. Оларды Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, Ұлттық ұлан өз критерийлеріне сай анықтайтын болады. Әдістеме әбден пысықталғаннан кейін көпшілікке толыққанды жеткізіледі. Қазірдің өзінде 30-ға жуық жоғары оқу орындары бұл жобаны қолдайтынын  растады, - деді Айгүл Төлембаева.

Өзгелердің жаңалығы