Енді 18 жасқа толмаған балалар TikTok-ты тек бір сағат пайдалана алады

2 Наурыз 2023, 11:20
1377
Бөлісу:
Енді 18 жасқа толмаған балалар TikTok-ты тек бір сағат пайдалана алады
Фото: pixabay.com

Балалардың TikTok-та отыру уақыты шектеледі. Ал ұзағырақ отырғысы келсе ата-анасының келісімі болуы қажет, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

TikTok әкімшілігі әлеуметтік желінің денсаулыққа әсері туралы ғылымда ортақ пікір жоқ екенін айтты.

Алдағы аптада 18 жасқа толмаған пайдаланушылар желіні тек 60 минут пайдалана алады.

Бір сағаттан кейін әлеуметтік желіні пайдалануды жалғастыру үшін кіру кодын енгізу керек. Егер пайдаланушы 13 жасқа толмаған болса, TikTok қолданбасының уақытын созу үшін  ата-ананың рұқсатын, яғни кіру кодын енгізуі керек. Бұл жағдайда әлеуметтік желі қосымша 30 минут береді. 

Өзгелердің жаңалығы