Еңбекмині өкілдері қырғызстандық әріптестерімен тәжірибе бөлісті

22 Қараша 2021, 13:50
851
Бөлісу:
Еңбекмині өкілдері қырғызстандық әріптестерімен тәжірибе бөлісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрлігі және Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамы өкілдері Қазақстанға жұмыс сапары барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыс тәжірибесін зерделеп, екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланады.

Қонақтармен кездесуде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов Еңбекминінің әлеуметтік-еңбек саласындағы жетістіктері туралы айтып берді.
Қазіргі уақытта елімізде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары жыл сайын кемінде 700 мың адам қамтылатын «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы және әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылым нысандарын салу және реконструкциялау арқылы уақытша және тұрақты жұмыс орындары құрылатын Жұмыспен қамтудың жол картасы сияқты жобалар шеңберінде іске асырылуда, - деп бөлісті Ержан Біржанов.

Ол сондай-ақ келесі жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру құралдары 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жұмыс істеуін жалғастыратынын атап өтті. Ұлттық жоба аясында жұмыссыздық деңгейін 4,7%-ға дейін төмендету жоспарлануда.

Еңбекмині өкілдері қырғызстандық әріптестерімен тәжірибе бөлісті

Сонымен бірге, кездесу барысында Еңбекмині өкілдері әлеуметтік-еңбек саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша екі баяндама дайындады:

– «Еңбек нарығында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары, түрлері мен қаржыландырылуы. Жұмыспен қамту және жастарды қолдау саласындағы мемлекеттік бағдарламалар»;

- «Ұлттық біліктілік және болжамдау жүйесі туралы».

Еңбекмині өкілдері қырғызстандық әріптестерімен тәжірибе бөлісті

Үшкүндік сапар барысында Қырғыз Республикасының Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрлігі және Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамы өкілдері ҚР Еңбекмині «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-да болып, оларға «Қазақстанның еңбек нарығы. Жаңа жағдайдағы даму көкжиегі» Ұлттық баяндамасы таныстырылып, Қазақстан Республикасындағы Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесінің, «Электрондық еңбек биржасы», «Enbek Skills» порталдарының, сондай-ақ «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» және «Әлеуметтік-еңбек саласының ахуалдық орталығы» ақпараттық жүйелерінің жұмыс ерекшеліктері көрсетіледі.

Сонымен қатар, қонақтар «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының, Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысының халықты жұмыспен қамту орталықтары мен әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының жұмыс қағидаларына қанығып, елордалық Кәсіпкерлер палатасы мен «Атамекен» ҚР ҰКП-да болады.

Өзгелердің жаңалығы