"Еңбек жолы" байқауына өтініш қабылдау мерзімі ұзартылды

22 Маусым 2022, 05:23
1475
Бөлісу:
"Еңбек жолы" байқауына өтініш қабылдау мерзімі ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада "Еңбек жолы" республикалық байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау жалғасуда, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ол "Еңбек – елдің мұраты" арнайы жобасын жүзеге асыру және Қазақстандағы ұрпақтар сабақтастығын сақтау аясында жүзеге асырылуда.

Байқауда үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлері анықталады.

Оған салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады. Байқау үш номинациядан тұрады:
"Үздік еңбек әулеті" – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп әулет таңдалады;

"Өндірістің үздік жас маманы" – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;
"Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері" – жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.
Конкурс өңірлік және республикалық деңгейде 2 кезеңде өткізіледі.

"Еңбек жолына" қатысу үшін тілек білдірушілер келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3)номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);
4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т. б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);
5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмесі/жұмыс орнынан анықтама;
6) жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат.

Бар болған жағдайда мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың, біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелерін салуға болады.

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады. Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 23 мамырдан бастап 15 шілдеге дейін жүзеге асырылады. Конкурс туралы толық ақпаратты 55-67-27, 8-700-399-66-53 ("Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ) телефондары арқылы алуға болады, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 8, 2 қабат, 211 кабинет, еңбек қатынастарын бақылау бөлімі, эл. мекен-жайы: d.nasyrova@astana.kz.

Өзгелердің жаңалығы