Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы ауысты

22 Қаңтар 2021, 09:50
1030
Бөлісу:
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Аида Дәденқызы Құрманғалиева Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. 

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Аида Құрманғалиева 1970 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 

1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді. 

Еңбек жолын 1988 жылы «Қазагроөнеркәсіп» республикалық тресінің техникалық қызметкері болып бастаған. 

Әр жылдары қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде жұмыс істеді. 

2010-2013 жылдары — ҚР денсаулық сақтау вице-министрі. 

2013-2014 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы. 

2014-2017 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы. 

2017 жылдан 2021 жыл аралығында — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.

Бұған дейін Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы тағайындалғаны хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы