Еңбек заңнамасын бұзған 143 дерек анықталды – Қызылорда облысы

10 Шілде 2021, 07:29
1708
Бөлісу:
Еңбек заңнамасын бұзған 143 дерек анықталды – Қызылорда облысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аймақтағы еңбек инспекторлары жыл басынан бері мекемелер мен кәсіпорындарға 81 тексеру жүргізді. Нәтижесінде еңбек заңнамасын бұзған 143 дерек анықталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңындағы брифингте облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Төреахмет Жолымбетов мәлімдеді.

Сондай-ақ басқармаға келіп түскен арыз-шағымдарға сәйкес 457 жұмыскердің құқықтары қорғалып, жалақы бойынша берешектері, іссапар шығындары, үстеме ақы, өтемақы, қоса атқарған қызметіне қосымша ақылары өндіріліп берілген.

Биыл жеті кәсіпорынның 1330 жұмыскеріне 120,6 млн теңге жалақы қарызы төленді. Сондай-ақ басқарма тарапынан кәсіпорындардың жұмыс берушілеріне түсіндірме хаттар жолданып, нәтижесінде 994 ұйымда өндірістік кеңес құрылды. Жыл басынан бері 498 ұжымдық шарт тіркеліп, мониторинг жасалды. Бұған қоса, электронды базаға 1 100 мекеме мен кәсіпорын бойынша 19 980 еңбек шарты жасалып, есепке алынды, – деді Төреахмет Сайлаубекұлы.

Өзгелердің жаңалығы