Еңбек министрі халықтың өмір сүру сапасын арттыруға қанша теңге бөлінгенін айтты

25 Мамыр 2021, 10:02
8462
Бөлісу:
Еңбек министрі халықтың өмір сүру сапасын арттыруға қанша теңге бөлінгенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Жұмыспен қамту жол картасын іске асыруға 300 млрд теңге бөлінгенін айтты.

Министрдің айтуынша, Жұмыспен қамту жол картасы 4 бағыт бойынша іске асырылады.

1) халықтың өмір сүру сапасын арттыру;

2) шағын және орта бизнес үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру;

3) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту;

4) өңірлерде бизнесті дамыту.

Осы іс-шараларды жүзеге асыруға 300 млрд теңге қаражат қаралды. Оның ішінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық банктен облигациялық қарыз есебінен 200 млрд теңге бөлінді, - деді Шәпкенов.

Министр атағандай, қаржыландыру лимиттері анықталып, өңірлер бойынша жұмыс күшінің үлесіне сәйкес бөлінді. Халықтың өмір сүру сапасын арттыруға 127,5 млрд теңге, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 100 млрд теңге, өңірлерде бизнесті дамытуға және микрокредиттер беруге 72,5 млрд теңге бағытталған.

Микрокредиттер «Атамекен» ҰКП және жергілікті органдардың қатысуымен құрылған микроқаржы ұйымдары арқылы беріледі.

Бірінші бағыт бойынша 136 жоба таңдап алынып, іске асырылып жатыр. Жобалар шеңберінде 19 мың жұмыс орны, оның ішінде 7 500 тұрақты жұмыс орны құрылады. 64 жаңа мектептің, 13 денсаулық сақтау нысанының құрылысы, суару кешені және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіледі, - деп түсіндірді министр.

Өзгелердің жаңалығы