Астана, baq.kz. 2018 жылғы желтоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 26 440 теңгені құрады. Бұл туралы ҰЭМ баспасөз қызметі хабарлады.
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейі 2018 жылғы желтоқсанда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,3%-ға жоғарылады.
Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығынның үлесі – 20,5%; сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаның шығыны – 16,3%; жеміс пен көкөністердің шығыны – 8,3%; нан және жарма өнімдерінің шығыны – 7,6%; қант, шай және дәмдеуіштердің шығыны 2,3%-ды құрады.
теңгемен
|
Орта есеппен халықтың жан басына шаққанда |
0-13 жастағы балалар |
14-17 жастағы жасөспірімдер |
18 жастан асқан, еңбекке қабілетті халық |
Зейнет-керлер мен қарт адамдар |
||
жас жігіттер |
қыздар |
ерлер |
әйелдер |
||||
Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы |
26 440 |
21 330 |
33 444 |
25 628 |
31 403 |
24 934 |
24 788 |
Азық-түлік тауарлары |
14 542 |
11 732 |
18 394 |
14 095 |
17 272 |
13 714 |
13 634 |
Азық-түлік емес тауарлар |
11 898 |
9 598 |
15 050 |
11 533 |
14 131 |
11 220 |
11 154 |