Ең үздік ауыл оқушысы, ең жас қатысушы. Олимпиада үздіктері анықталды

13 Мамыр 2024, 11:44
370
Бөлісу:
Ең үздік ауыл оқушысы, ең жас қатысушы. Олимпиада үздіктері анықталды
PHOTO
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада қорытындыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елімізде мектеп оқушылары арасындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Оған еліміздің өңірлерінен 939 оқушы қатысты.

Ең үздік ауыл оқушысы, ең жас қатысушы. Олимпиада үздіктері анықталды

Биылғы жылы оқушыларға арналған республикалық олимпиада 6 өңірде бір мезгілде өтті. Жас математиктер мен физиктер, химиктер Астана, Алматы және Павлодар қалаларында бақ сынасты.

Барлық кезең қорытындысы бойынша 431 оқушы жүлдегер атанды, олар 211 қола, 131 күміс және 89 алтын жүлдені өзара бөлісті.

Ең үздік ауыл оқушысы, ең жас қатысушы. Олимпиада үздіктері анықталды

«Ең жас қатысушы» дипломымен Ақтөбе облысынан 8-сынып оқушысы Нұрәлі Шаймерден марапатталды.

Мен осы олимпиадаға қатысқаныма өте қуаныштымын. Республикалық олимпиада – менің интеллектуалды дамуым үшін үлкен мүмкіндік. Мен мұнда білімімді толықтырып қана қоймай, жаңа достар таптым, - дейді өз әсерімен бөліскен Нұрәлі Шаймерден.

Ал «Ең үздік ауыл оқушысы» номинациясы бойынша Павлодар облысынан Максим Комаров пен Жетісу облысынан Владислав Иванов дипломдарға ие болды.

Ең үздік ауыл оқушысы, ең жас қатысушы. Олимпиада үздіктері анықталды

«Үздік олимпиадалық команда» номинациясы келесідей бөлініске түсті: 
III орын - Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстары;
II орын - Астана және Алматы қалалары;
I орын – Павлодар облысы және РФММ құрама командасы.
Бас жүлдені Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы жеңіп алды.

Ең үздік ауыл оқушысы, ең жас қатысушы. Олимпиада үздіктері анықталды

Сонымен қатар 46 жеңімпазға KBTU, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, Astana IT University, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті секілді ЖОО-на ректорлық грант тағайындалды.

Ең үздік ауыл оқушысы, ең жас қатысушы. Олимпиада үздіктері анықталды

«Олимп шыңына жетелеуші» номинациясы бойынша педагог-тәлімгерлер мен олимпиадалық командалардың жаттықтырушылары марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы