Ең үлкені 62-де. Нұр-Сұлтанда триатлон жарысына 200-ге жуық спортшы қатысты

21 Ақпан 2021, 18:17
1714
Бөлісу:
Ең үлкені 62-де. Нұр-Сұлтанда триатлон жарысына 200-ге жуық спортшы қатысты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Триатлон паркінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қысқы триатлоннан жарыс өтті.

«Супер спринт» қашықтығы бойынша кәсіпқойлар мен әуесқойлар арасында өткен жарыстың ұйымдастырушылары - Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен Нұр-Сұлтан қаласының триатлон федерациясы.

Ең үлкені 62-де. Нұр-Сұлтанда триатлон жарысына 200-ге жуық спортшы қатысты

Шараның салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Спорт және Дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сапиев, Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев және Нұр-Сұлтан қаласы триатлон федерациясының президенті Ержан Біржанов, «Тең мүмкіндіктер әлемі» қорының басшысы Нұргүл Ұлжекова қатысты.

Ең үлкені 62-де. Нұр-Сұлтанда триатлон жарысына 200-ге жуық спортшы қатысты

Жарысқа тек елордалықтар ғана емес, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен 200-ге жуық спортшы жиналды.

Ең үлкені 62-де. Нұр-Сұлтанда триатлон жарысына 200-ге жуық спортшы қатысты

Қатысушылар жүгіруден 2 шақырым, веложарыстан 3 шақырым, шаңғы жарысынан 2,5 шақырым қашықтықта бақ сынады. Қашықтықты белгіленген уақыттан кешіктірмей аяқтаған жеке жарыстың әрбір қатысушысы мәре сызығында медальдармен марапатталды.

Жас санаттары бойынша I, II, III орын алған спортшылар 23-25 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының триатлон федерациясының кеңсесінде арнайы марапатталатын болады.

Сондай-ақ іс-шараның қонақтары мен қатысушылары үшін қоғамдық тамақтану аймағы (далалық ас үй) ұйымдастырылды.

Жарысты ұйымдастырудағы басты мақсат - спорт әуесқойлары мен салауатты өмір салтын ұстанушылар арасында триатлон, велоспорт, жеңіл атлетика және шаңғы спортын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттап, бұқара халықты спортпен айналысуға шақыру, - деп атап өтті Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев.

Жарыстың ең үлкен қатысушысы - 62 жастағы Байзақ Талапнұр ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Ең үлкені 62-де. Нұр-Сұлтанда триатлон жарысына 200-ге жуық спортшы қатысты

Қысқы триатлон жарысы өте жақсы өтуде. Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Мен бұл жарысқа жылда қатысамын. Бүгін жүгіруден бастап, шаңғыда жарыс жолын аяқтадым. Өте қуаныштымын. Барша жасты спортпен айналысуға шақырамын, - деді Байзақ Сағындықұлы.

Айта кетейік, жарыстан түскен қаражат «Саламатты болашақ» - «Спорт баршаға» әлеуметтік жобасын қолдау үшін «Тең мүмкіндіктер әлемі» қайырымдылық қорына аударылатын болады.

Ең үлкені 62-де. Нұр-Сұлтанда триатлон жарысына 200-ге жуық спортшы қатысты

Спорттық іс-шара барлық санитарлық норманы сақтай отырып өтті.

 


Өзгелердің жаңалығы