Ең қымбаты – Iphone. Шенеуніктер мемлекетке 245 сыйлық тапсырды

21 Қаңтар 2021, 15:46
1919
Бөлісу:
Ең қымбаты – Iphone. Шенеуніктер мемлекетке 245 сыйлық тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен жылы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттеріне 245 сыйлық тапсырылды. 

Оның 18-і 159 937 теңгеге сатылды. Мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгерімінде бағалау құны 967 971 теңгені құрайтын 30 бірлік бекітілген, 12 бірлік жойылды, - деп хабарлайды Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

2020 жылы тіркелген ең қымбат сыйлық - бұл Iphone 12 Pro ұялы телефоны. Ол 2020 жылдың желтоқсанында есепке алынды. Ол 617 991 теңгеге бағаланды. Ең төменгі бағалау құны - 800 теңге - ақ түсті пластикалық гүлдер және «Dream» маркалы шоколад.

Сыйлықтарды сату кезінде «Tom Ford» Lost cherry EAU Parfum иіс суы аукцион арқылы 59 467 теңгеге (бағалау құны 118 934 теңге), яғни ең жоғары сомаға сатылды. Ең кішісі - «Dream» ақ гүлдер мен шоколад үшін 205 теңге (бағалау құны 800 теңге), - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, жауапты мемлекеттік қызметті атқаратын адамдар (адамның хабарынсыз алынған; адам өзінің лауазымына немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты қабылдаған; көпшілік алдында немесе қолма-қол ауыстырылған (тапсырылған) өзінің қызметтік жағдайына немесе қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ресми іс-шаралар барысында берілген) сыйлықтарды алған (табылған) күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде сол сыйлықтарды тапсыруға міндетті. Оны ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшелеріне тапсырады.

Өзгелердің жаңалығы