Ең алдымен қазақстандықтарды еңбекпен қамту маңызды

27 Қыркүйек 2022, 10:22
1459
Бөлісу:
Ең алдымен қазақстандықтарды еңбекпен қамту маңызды

Көршілес елден келген мигранттар белгіленген заңнама шеңберінде ғана  еңбек ете алады. Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Отырысты бастамас бұрын,  кеше   Үкіметтің көші-қон мәселелеріне қатысты өткізген жиналыстағы мәліметтерге байланысты  қоғамда дұрыс түсінбей жатқандар бар. Осыған орай  айтайын дегенім   шетел азаматтарына   заң аясында қызмет көрсетіледі.

Біз  халықаралық міндеттерімізді орындай отырып,  өз еліміз бен  халқымыздың мүддесінен жоғары  құндылық жоқ екенін  ұмытпауымыз қажет, – деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, ең маңызды мәселенің бірі –   құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік.

Сонымен бірге  арендалық тұрғын үй бағаларының өсуінен  өз азаматтарымыз  қиын жағдайға тап болып отыр. Жауапты органдар  тұрғын үй нарығындағы ахуалды  тұрақтандыру бойынша  тиісті шараларды қабылдау қажет. Оны біз кеше айттық.

Еңбекпен қамту бойынша  ең алдымен  қазақстандықтардың жай-күйі,  жұмыс жағдайы  біз үшін  приоритет. Барлық кәсіпорындар мен мекемелер  осыны естен шығармау керек. Ал көршілес елден келген мигранттар  белгіленген заңнама шеңберінде ғана  еңбек ете алады. Жағдай күнделікті бақылауда, - деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы