Емханалардағы консультациялық-диагностикалық қызметтер саны 1,6 есеге өсті

27 Тамыз 2022, 19:01
749
Бөлісу:
Емханалардағы консультациялық-диагностикалық қызметтер  саны 1,6 есеге өсті
Фото: Егемен Қазақстан

Емханалар деңгейінде көрсетілетін медициналық көмектің көлемі жыл сайын өсіп келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында атап өтілгендей, 2022 жылы медициналық көмекті сатып алу жоспарында амбулаториялық-емханалық жағдайдағы консультациялық-диагностикалық қызметтерге қаржыландыруды бір жарым есеге – өткен жылы 186 млрд теңгеден 283 млрд теңгеге дейін ұлғайту көзделген. 2022 жылдың 4 айында бейінді мамандардың 54,6 млн консультациясы мен диагностикалық зерттеулер 97 млрд теңге сомасына көрсетілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге көп.

МӘМС жүйесін енгізу медициналық көмекті қаржыландыру көлемін 2 есеге арттыруға мүмкіндік берді. 2022 жылы ТМККК және МӘМС пакеттерін қамтамасыз етуге 2 трлн-нан астам теңге бағытталды, оның ішінде 852 млрд теңге – МӘМС-ке. Барлығы 2,2 трлн теңге. Бұл ретте 2022 жылы медициналық көмекті сатып алу жоспарында амбулаториялық-емханалық жағдайдағы консультациялық-диагностикалық қызметтерге қаржыландыруды өткен жылғы 186 млрд теңгеден 283 млрд теңгеге дейін ұлғайту көзделген. Қаржыландырудың өсуі-бір жарым есені құрады.

4 айда бейінді мамандардың 54,6 млн консультациясы мен диагностикалық зерттеулер 97 млрд теңге сомасына көрсетілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге көп. Оның ішінде қымбат тексерулер (КТ, МРТ, ПЭТ) бойынша – 510 мыңнан астам қызмет көрсетілді.

«Пациенттердің консультациялық-диагностикалық қызметтерді алу кезіндегі өзекті мәселесі бейінді мамандардың қабылдауын күту, диагностика мен талдауға жіберу ұзақтығы болып табылады. Жоспарлы медициналық көмек пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін аурулар мен жағдайлар кезінде көрсетілетініне және сәл кейінге қалдыру пациенттің жай-күйінің нашарлауына әкеп соқпайтынына қарамастан, пациент консультациялық немесе диагностикалық қызметті 10 күннен артық  күтпеуі тиіс. Бұл мониторинг ережелерімен бекітілген. Медициналық қызметтерді көрсетуге арналған Медициналық сақтандыру қорымен шарт жасай отырып, жеткізуші оларды толық көлемде ұсынуға міндеттеме алады және қолжетімділік пен сапа үшін жауапты болады», – деп Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Медициналық көмектің сапасын бағалау департаментінің директоры Лаззат Шоманова атап өтті. 

Бұл ретте, егер медициналық ұйымда бекітілген халыққа дербес және уақтылы медициналық қызмет көрсету мүмкіндігі болмаса, ол Қордың басқа да жеткізушілерінің қатарынан бірлесіп орындаушыны тартуға міндетті. Бүгінгі таңда базада 2000-нан астам әлеуетті орындаушылар бар.

Қаржыландырудың айтарлықтай өсуі есебінен жүйеге жаңа медициналық қызмет көрсетушілердің келуі қамтамасыз етіледі. Қормен шарт жасасқан 1 426 медициналық ұйымның 744-і (52%) жеке меншік нысанындағы клиникалар болып табылады. Жеткізушілердің толық тізбесімен өңірлерге бөле отырып Қордың fms.kz ресми сайтында «Пациент үшін» – «Клиниканы таңдау», «Медициналық қызметтерді сатып алу» – «КДҚ қызметтерін жеткізушілер» бөлімдерінде танысуға болады. 

Егер сұрақтарыңыз болса, Сіз оларды емханаңыздан Пациенттерге қолдау көрсету қызметіне хабарласып сұрай аласыз. Егер Сізге сол жерде көмек көрсетілмесе, онда өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтініш жібере аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы , Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot. Дәл осы құралдар сақтандырылу мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы ҚР egov.kz электрондық үкіметінің сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-те аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы біле аласыз.

Өзгелердің жаңалығы