Елтаңба намыстан туды – Жандарбек Мәлібеков

4 Маусым 2021, 13:08
3780
Бөлісу:
Елтаңба намыстан туды – Жандарбек Мәлібеков

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков «Желмая» жобасында Елтаңбаның жасалу барысы жайлы айтып берді.

Мен ауылдан шыққан соң Ташкентте білім алып, сол жақта жұмыс істедім. Сыртта жүргенде еліңе, туған жеріңе деген сағыныш басқаша болады. Елтаңбада қазақ халқының өз мәдениеті, дәстүрі бар екенін айтқым келді. Өйткені бертінге дейін қазақ көшпелі халық, мәдениеті жоқ дегенді жиі еститінбіз. Сондықтан бұл жұмыс намыстан туған,-дейді ол. 

Жандарбек Мәлібеков сөз арасында Елтаңбаны қытайдан және басқа да елден жасап әкеп жатқандар барын айтып, өкінішін білдірді.

Елтаңбаны жасаудың өзіндік стандарты бекітілген. Көп жерде Елтаңбаны логотипке айналдырады немесе сырттан жасатып әкеледі. Ол халқымыз бен мемлекеттігіміздің намысы, ондай нәрсені шетелге беруге болмайды,-дейді автор.   

Елтаңба авторы еліміздегі рәміздер тек бір күнде ғана еске алынып, басқа уақытта ол жайлы ұмыт болатынына қынжылатынын айтты.

Еске сала кетейік, ол осыған дейін Кеңес үкіметінің шекпенінен шыға алмаған депутатар Елтаңбаны қабылдай алмағаны туралы айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы