Елсияр Қанағатов Ұлттық құраманың неге жас спортшылармен толықпай тұрғанын түсіндірді

23 Маусым 2022, 14:50
2468
Бөлісу:
Елсияр Қанағатов Ұлттық құраманың неге жас спортшылармен толықпай тұрғанын түсіндірді
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан ҰОК спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов ұлттық құрама спортшыларына қатысты пікір білдірді.

Елімізде ұлттық Олимпиада комитеті өз тарапынан мемлекеттік тапсырысты қайтадан спорт комитетінің құзретіне берді. Спорттық дирекция құрылып, ол жерде ұлттық құрама спортшылары дайындықтарын жүргізіп жатыр. Спорт болғаннан кейін жеңісте, жеңілісте болады. Қазір жаттығу жиындарын тұрақты түрде жүргізіп жатыр. Мәселен, биыл өтетін жазғы Азия ойындары тағы бір жылға кейінге шегерілді. Осындай спорттық жарыстарды жоспарсыз ауыстырылуы өз әсерін бермей қоймайды. Қазіргі таңда бізде уақыт бар. Сол себепті командаға сәттілік тілеймін, - дейді Елсияр Қанағатов.

Оның айтуынша, ұлттық құрама жас спортшылармен толыққаны дұрыс.

Дегенмен, бәрі спорттық нәтижеге байланысты болуы тиіс. Тек жас деп оларды тарта беруге болмайды. Біздің тәжірибелі спортшылармыздың өз артынан қалатын ізбасарлары жоқ. Оларды ешкім жеңе алмағаннан кейін өздері барып жатады. Әрбір спортшы ел чемпионатын жеңіп тұрса да, халықаралық жарыстың алдындағы оның деңгейіне қарау керек. Халықаралық жарысқа дейін өз нәтижесін жоғалтса, бабында жүрген жас спортшыны жіберген жөн. Бұл ұсыныс ретінде бар, - деді Қазақстан ҰОК спорт дирекциясының директоры. 

Өзгелердің жаңалығы