Қазақстан Елшісі Эстония парламенті спикерімен кездесті

11 Ақпан 2020, 17:13
1326
Бөлісу:
Қазақстан Елшісі Эстония парламенті спикерімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эстонияның Таллинн қаласында Қазақстанның Елшісі Нұрлан Сейтімов Эстонияның Рийгикогу (парламент) спикері Хенн Пыллуааспен кездесті.

Кездесу барысында Х.Пыллуаас екіжақты қатынастар үшін жағымды Эстонияда Қазақстанның Елшілігін ашу фактісін қанағаттанушылықпен атап, Қазақстан-Эстония ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға қызмет ететініне сенім білдірді.

Қазақстан мен Эстония парламенттеріндегі депутаттық достық топтарының қызметіне белсенді назар аударылды.

Елші Н.Сейтімов сұхбаттасушыны Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзгерістер туралы хабардар етті.

Тараптар электрондық үкімет, ақпараттық технологиялар, ауылшаруашылық салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың тиімді өсу үшін жақсы перспективалары бар екендігі туралы уағдаласты.
Өзгелердің жаңалығы