Елорданың жылу мерзіміне дайындық жұмыстары пысықталды

2 Қыркүйек 2019, 09:18
1563
Бөлісу:
Елорданың жылу мерзіміне дайындық жұмыстары пысықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Алтай Көлгінов қаланың жылу электр орталығының және ТМ-15 жылу беру маусымына дайындығын тексерді.

Сонымен, ЖЭО - 1-де котлоагрегат пен турбогенератор ауыстырылды, түтін құбырларын қайта жаңарту, негізгі және қосалқы жабдықтарды монтаждау жүргізілді. Сонымен қатар №4 станция қазандығын қайта жаңарту және турбинаны ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. ЖЭО-2-де бас корпус пен су жылыту қазандығы кеңейтілді.

Сондай-ақ №4,5 түтін құбырларының құрылысы және негізгі және қосалқы жабдықтардың монтажы орындалды. Аудандық қазандықтардың дайындығы 100% құрайды-бұл 6 елді-мекендегі 7 қазандық. Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің жылу беру маусымына дайындығы 95% құрайды. Қала әкімі Алтай Көлгінов жылу беру маусымының басында электр орталықтары қаланы жылумен қамтамасыз етуге дайын болуы қажет екендігін және де үздіксіз қамтамасыз етулері тиіс екендігін атап өтті. Қала үшін қажетті отын қоры (көмір, мазут) дайындалды. Жылыту маусымының басталуы 5 күнтізбелік күн ішінде +10 °С (және одан төмен) орташа тәуліктік температура сақталған кезде басталады.

Өзгелердің жаңалығы