Елорданың үздік педагогтары марапатталды

22 Қараша 2022, 05:13
1151
Бөлісу:
Елорданың үздік педагогтары марапатталды

Астана қаласы бойынша «Үздік педагог – 2022» республикалық байқауының қалалық кезеңіне барлығы 109 педагог қатысты, деп хабарлады BAQ.KZ.

Оның ішінде 26-сы – мектепке дейінгі білім беру ұйымының, 68-сі – орта білім, 6-ауы – техникалық және кәсіптік білім, 4-еуі – қосымша білім және 5-еуі - арнайы білім беру ұйымдарының педагогы.

Байқаудың ІІ кезеңінің қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған 5 қатысушы байқаудың қалалық кезеңінің жеңімпаздары болып анықталды және «Үздік педагог – 2022» байқауының республикалық кезеңіне қатысу үшін ұсынылды.

ІІІ кезең қорытындысы бойынша «Үздік педагог – 2022» республикалық байқауының жеңімпаздары болған елордалық педагогтар:

- Салахадинова Евгения Ивановна, Астана қаласы әкімдігінің «№46 балабақша-мектеп-гимназия кешенінің» бастауыш сынып мұғалімі;

- Қасымов Ержан Маратұлы, Астана қаласы әкімдігінің «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжінің өндірістік оқыту шебері;

- Конкулов Корган «№ 1 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің» дене шынықтыру мұғалімі.

Өзгелердің жаңалығы