Елорданың полицейлері автобустардың техникалық жағдайын тексеріп жатыр

24 Шілде 2022, 09:30
1140
Бөлісу:
Елорданың полицейлері автобустардың техникалық жағдайын тексеріп жатыр
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында қалалық автобустардың жолға шығар алдында олардың техникалық жағдайы мен жол қауіпсіздігіне қауіп төндіретін заңсыз қайта жабдықталуы және жүргізушілердің өздерінің рейс алдындағы медициналық тексеруден өтуіне тексеру жұмыстары жүргізілді.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Елорданың полицейлері автобустардың техникалық жағдайын тексеріп жатыр

Автобустарды пайдаланудың қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін қозғалыс мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдауға арналған техниканың болуы және жұмысқа жарамдылығы тексерілді. Жүргізушілермен қажет болған жағдайда бұл жабдықты міндетті түрде пайдалану туралы әңгіме жүргізілді.         

Елорданың полицейлері автобустардың техникалық жағдайын тексеріп жатыр

Сонымен қатар, қалалық автобустарды пайдалану ережелерін, сондай-ақ оларды желіге шығару тәртібін бұзудың 10-нан астам фактісі анықталып, олар бойынша автобус парктерінің жүргізушілері мен 5 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы