Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтандағы көшелерге артылған шамадан тыс жүктемені азайту үшін жолайрықтар, көпірлер мен өткелдер салынып жатыр.
Биыл 150 көше жөнделіп, кейбіреуі жаңадан салынады. Осы жылы жоспарланған жол жұмыстарының 70%-і елді мекендерде жүргізіледі. Жөндеу жолдарының құрылысы әкімдіктің бақылауында.
Nova City аумағы, №39 (Тәуелсіздік) көшесінен №27 көшенің бір бөлігінде жол саламыз. Бұл көше әуежайға мен "Тельман" елді мекеніне қарасты жолды жалғауға мүмкіндік береді. Елді мекен тұрғындарының қалаға жол жүру уақыты едәуір қысқарады. Сонымен қатар, Мәңгілік Ел және Ұлы Дала даңғылдарындағы жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Осы жаңа көшеден Есіл өзені мен Нұра – Есіл каналы арқылы өтетін екі көпір болады, қазір құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Көпірлер оң және сол жағалауды жалғап, қаланың екі бөлігін айналма етуге мүмкіндік береді, - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.
Елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғындармен кездесу, азаматтарды қабылдау және есеп беру кездесулерінде қала тұрғындары жолдарды асфальттау мәселесін көтергенін атап өтті.
Біз барлық ұсынысты жинап, кесте құрдық. Барлық қыста дайындық жұмыстарын жүргіздік. Биыл жөнделіп жатқан жолдар бірнеше критерий бойынша таңдалды: бұрын асфальт болмаған жолдарды таңдадық. Мұндай жолдардың көбі елді мекендерде орналасқан. Сонымен қатар, жаңа автобус бағыттарын іске қосылатын көшелер мен қозғалыс қарқыны жоғары көшелер қамтылды. Сапасыз жолдарды қабылдамаймыз. Жол сапасыз болған жағдайда мердігерлер өз есебінен жолды қайта жасайтын болады, - деп атап өтті елорда әкімі Алтай Көлгінов.