Елорданың білім беру ұйымдарында 21 мыңнан астам педагог жұмыс істейді

2 Қазан 2022, 15:19
1079
Бөлісу:
Елорданың білім беру ұйымдарында 21 мыңнан астам педагог жұмыс істейді

Бүгінгі таңда елорданың білім беру ұйымдарында 21 159 педагог жұмыс істейді. Жаңа оқу жылында мектепке 170-тен астам жас маман қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы онлайн-брифингте қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев мәлімдеді.

Биыл Мұғалімдер күні қарсаңында " Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері "төсбелгісімен - 1 педагог "Ы.Алтынсарин " - 7 педагог,  "Астана қаласының құрметті педагогы" төсбелгісімен - 4 педагог марапатталды.

2019-2022 жылдары шетелде біліктілікті арттыру және тағылымдамадан өту курстарынан 243 педагог өтті, оның ішінде Франция – 12, Швейцария-9, Германия-6, Грузия-27, Жапония-25, Дубай-15, Ұлыбритания – 89, Эстония-15, Латвия-2, Польша – 2, РФ – 19, Малайзия – 2, Түркия – 3, АҚШ – 1, Финляндия – 15, БАӘ – 1.

2019 жылы "SHARE" жобасына 5 мектеп, 2020 және 2021 жылдары – 8 мектеп қатысты, жоба аясында вебинарлар мен тәлімгерлік сессиялар өткізіледі. 2019 жылы 27 педагог, 2022 жылы 56 педагог Кембридж қаласындағы Боттишам, Саустон мектептеріне іс-шараларды зерттеу бойынша тәжірибе алмасу мақсатында барды.

Сондай-ақ, елорданың білім беру ұйымдарында республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарын дайындаған педагогтар жұмыс істейді. Биыл олар үшін 10 миллион теңге көлемінде әкім гранты бөлінді (әр мұғалімге 300 мыңнан). 2022-2026 оқу жылына әкімдікпен 1206 білім беру гранты бөлінді. Оның ішінде педагогикалық мамандықтар бойынша бөлінген 1050 гранттың 466 гранты игерілді, - деді Әділбаев.

Өзгелердің жаңалығы