Елорданың Алматы ауданында Балаларды қорғау күніне орай тағы 7 аула ашылды

3 Маусым 2024, 04:14
400
Бөлісу:
Елорданың Алматы ауданында Балаларды қорғау күніне орай тағы 7 аула ашылды
Фото: gov.kz

Астанада Алматы ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында мына мекенжайлар бойынша 7 абаттандырылған аула: Майлин, 8, Күйші Дина, 44/1, Абылай хан, 25, Жұмабаев, 12а және Мүсірепов, 6/1, 6/2 6/3 мекенжайларында ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанада Алматы ауданының аумағында биыл 50 ауланы абаттандыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, тағы 100 аулада жөндеу-қалпына келтіру жұмысын жүргізу жоспарда бар.

Бұл аумақтарда шағын сәулет нысандарын, балалар ойын кешендерін орнату, алдыңғы бақтарды, ойын алаңдарындағы жабындарды ауыстыру, футбол және баскетбол алаңдарын жөндеу, сондай-ақ жаңа спорт алаңдары мен тұрақ аймақтарын ашу секілді ауқымды жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, қала тұрғындарының жайлылығы үшін орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды.

Бұл жобаның ерекшелігі қос әткеншек, теңгергіш әткеншек, карусель және т.б. сияқты ұлттық стиль элементтері бар шағын сәулет нысандарын орнату болды. Өз кезегінде бұл қала инфрақұрылымын дамытудағы бірегей қадам болды және Алматы ауданының тұрғындарына арналған демалыс үшін жаңа мүмкіндіктер туғызды.

Тұрғындарға осы бағдарламаға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз және бұл абаттандырылған аулалар бүкіл қоғамымыздың жайлы орындарының біріне айналады деп сенеміз, - деп атап өтті Алматы ауданының әкімдігі.

Аула аумақтарын абаттандырумен қатар, 3 қоғамдық кеңістікті абаттандыру жұмысы да жүргізіліп жатыр:

1. Тәуелсіздік даңғылының жаяу жүргіншілер бөлігін дамыту (Ақбұлақ өзенінің жағалауынан Б.Момышұлы даңғылына дейін) – жаяу жүргіншілер бөлігін жайластыру, даңғылды көгалдандыру және жарықтандыру жұмыстары жүргізіліпі жатыр. Тәуелсіздік даңғылы бойында мүгедектер арбасына таңылғандар үшін кедергісіз орта құрылады. Жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау үшін көлеңкелі шатырлар жасау да назарға алынған.

2. Т.Жүргенов көшесін абаттандыру (Айнакөл көшесінен Ж.Нәжімеденов көшесіне дейін) – жаяу жүргіншілерге арналған демалыс аймақтарын жайластыра отырып, жаяу жүргіншілер бөлігін жөндеп, абаттандыру және көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. 6 мыңнан астам ағаш және 44 мың бұта отырғызу жоспарланып отыр.

3. Ақбұлақ өзенінің жағалауын абаттандыру (Абылай хан даңғылынан Амман көшесіне дейін) – қоғамдық кеңістікті абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, жұмыстар аумақты жарықтандыру мен көгалдандыруды қамтиды.

Биыл Астанада барлығы 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Жұмыс қаланың барлық ауданын, оның ішінде тұрғын үйлерді қамтиды. Жұмыстың бір бөлігі қазірдің өзінде аяқталды.

Өзгелердің жаңалығы