Елорданың Алматы ауданында 23 мың тонна қоқыс шығарылды

16 Шілде 2024, 18:57
417
Бөлісу:
Елорданың Алматы ауданында 23 мың тонна қоқыс шығарылды
Фото: pixabay.com

Елорданың Алматы ауданында стихиялық полигондармен күрес тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері 61 учаске жойылып, 23 500 тонна қоқыс шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аудандық әкімдіктің хабарлауынша, Алаш, 64 тас жолында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінен қоқыс жинауға арналған қалалық қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының жанында уақытша алаң белгіленді.

Күн сайын іKomek арқылы құрылыс алаңдарынан қоқыс шығару және орынсыз орындарға қоқысты түсіру фактілері белгіленеді. Құқық қорғау органдарымен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізіледі. Заңсыз полигондарды жою жұмыстары жалғасуда. Оның ішінде жаңа ошақтардың пайда болуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы