Елорданың 33 жастағы тұрғыны алаяқтық үшін ұсталды

13 Шілде 2022, 23:15
1324
Бөлісу:
Елорданың 33 жастағы тұрғыны алаяқтық үшін ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.«Алматы» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасады деген күдікпен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынын ұстады.

Тергеу барысы көрсеткендей, күдікті түнгі сағат 00.10 шамасында, «Indriver» қосымшасы арқылы курьер қызметін пайдаланып, белгілі бір мекенжайға «AirPods» құлаққаптарын жеткізіп беру бойынша тапсырыс беріп, Күйші Дина көшесіне такси шақырған. Қаскүнем, тауардың ақшасы мен жеткізіп бергені үшін төлемді аталмыш мекенжайға барғанда күтіп алатын адам төлейді деп, такси жүргізушісінен құлаққаптар үшін ақшаны алдын ала алып алған. Алайда мекенжайда жүргізушіні ешкім күтіп алмаған және құлапқаптар іске жарамсыз болып шыққан. Тапсырыс берушінің алаяқ екенін түсінген 24 жасар такси жүргізушісі полицияға жүгінген. 

Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның елорда аумағындағы басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Сонымен қатар ұсталған азаматтың бұрын-соңды бірнеше рет сотталғаны және осындай айламен тағы бір қала тұрғынын алдағаны белгілі болды. 

Өзгелердің жаңалығы