Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері бірнеше рет карантин ережесін бұзған дәмханалардың тізімін жариялады. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Шаурма" және "Баррус" дәмханалары карантин тәртібін бұзудан рекорд жасады. 5 шілдеден бері "Шаурма" кафесін тексеру кезінде 16 тәртіп бұзу фактісі, ал "Баррус" кафесінде 6 факт тіркелді.
Көңіл көтеру орындарының иелерін әкімшілік жауапқа тарту үшін материалдар Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасына жіберіледі.
Дәмханалар тізімі
"Алматы" ауданы:
- "Мята" дәмханасы;
- "Мармелад" дәмханасы;
- "Көкшетау" дәмханасы.
"Байқоңыр" ауданы:
- "Баррус" дәмханасы;
- "Центр плова и шашлыка" дәмханасы;
- "Шаурма" дәмханасы.
"Есіл" ауданы:
- "Аура" дәмханасы;
- "Шашлычный двор";
- "The дым".
"Сарыарқа" ауданы:
- "Угол" дәмханасы;
- "Анар" дәмханасы;
- "Брио" дәмханасы;
- "Арбалет" дәмханасы.