Елорданы жылумен жабдықтауға 24,4 млрд теңге бөлінді

9 Ақпан 2022, 18:02
1177
Бөлісу:
Елорданы жылумен жабдықтауға 24,4 млрд теңге бөлінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бас қаланың қалалық отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Төлеген Құлұшев хабарлады. Оның айтуынша, елорданы жылумен жабдықтау үшін 2022-2024 жылдарға 24,4 млрд теңге бөлінген. 

Соның ішінде, биылғы жыл үшін 21,3 млрд теңге бөлінді. ЖЭО-3 үшін – 19 млрд теңге, ЖЭО-2 үшін – 1 млрд теңгеден астам, ал 2023 жылға – ЖЭО-3 үшін 3,1 млрд теңге жұмсалады, - деп атап өтті басқарма басшысы. 

Сонымен қатар бас қаладағы ЖЭО-1 және ЖЭО-2 сенімді басқаруға берілетін болды. 

2022 жылға арналған қаржыландырудың қосымша қажеттілігі 207 млрд теңгені құрап отыр. Ал ЖЭО-3-ке – 87 млрд теңге және қолданыстағы магистралды торапты қайта құрылымдауға 2 млрд теңге қажет. Биыл ЖЭО-2 қайта құрылымдау мен кеңейту бойынша жобаны іске асыру шеңберінде секцияның құрылысы жалғасын табады. Жақында ғана 226 млрд теңгенің қаулысына қол қойылды. Қаулы бойынша ЖЭО-1 және ЖЭО-2 сенімді басқаруға беріледі, - деді Төлеген Құлұшев. 

Өзгелердің жаңалығы