Елорданың орталық базары бұрынғы режимде жұмыс істеуге дайын

Елорданың орталық базары бұрынғы режимде жұмыс істеуге дайын
VIDEO
1080

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігі қаланың ірі сауда орталығының дайындығын тексеріп, оның жұмысына "жақсы" деген баға берді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін біз СЭС органдарымен бірге карантинді жеңілдету аясында орталық базар жұмысын қалпына келтіру дайындығын тексердік. Дайындық жоғары. Негізінде, барлық базарлар антисептик, маскалармен қамтамтылып, логистика ұйымдастырылған. Базар басшылығымен санитарлық нормалардың сақталуына бақылау жүруде.Бақылау әрі қарай жалғасады, – деді Нұр-Сұлтан қалалық инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмурзаев. 
Орталық базардың басқарушы компаниясының директоры Атахан Абдижалиловтың айтуынша, саудагерлер мен базар қызметкерлері антисептик, қолғап, санитайзерлермен толық қамтылған. 
Біз мұны күнделікті тексереміз, – деді ол.

Фото: дереккөз