Елорданың 37 аумағында су басу қаупі болған

11 Сәуір 2020, 11:00
1310
Бөлісу:
Елорданың 37 аумағында су басу қаупі болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада су басу қаупі бар 37 аумақтың бәрінде қауіп сейілді. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықов айтты.

Астана су қоймасын алар болсақ, оның су қоры 75 пайызды құрап отыр. Яғни қойманың сыйымдылығы 410 млн тонна болса, соның 309 млн тоннасы бар. Өздеріңіз білесіздер, әуежайдың жанындағы Майбалық көліндегі су қорын қазіргі таңда 18 млн текше метрге азайттық. Демек қардан еріген суды Майбалық көлі қабылдауға қауқарлы. Майбалық көлінен Нұра-Есіл арнасына дейін түсетін су қашыртқы бар. Онда басынан бастап соңына дейін қар тазалау жұмысы аяқталды. Бүгінгі таңда ол арнаның да су өткізу қауқары 100 пайыз дайын, - деді Бауыржан Сыздықов.

Оның айтуынша, қалада бұған дейін су басу қаупі бар 37 аумақ болған. 

Осы аумақтардың бәрінде су басу қаупі сейілді деп айта аламыз. Бүгінгі таңда азаматтық қорғау жүйесіндегі қызметтер су басу қаупінің сейілуіне қарамастан әлде де жұмыстарды жалғастыруда. Қазақ халқында жақсы сөз бар "Шананы жазда, арбаны қыста дайында" деген. Осы ретте қыс алдында жүргізілген және қыста қар тазалау жұмыстарының арқасында қазір қалада ешқандай қауіп-қатер жоқ. Дегенмен, Есіл өзенінің арнасын тазалауға тиіспіз. Қазір сол жұмыстар атқарылып жатыр. Көктем бітіп, жаз кезінде де ол жұмыстарды тоқтатпаймыз.Бүгінгі таңда өзеннің сағасын 100 текше метрге дейін кеңейту жұмыстары басталып кетті, - дейді департамент басшысы.

Өзгелердің жаңалығы