Елордалықтар Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылауды бастады

Бөлісу:
Елордалықтар Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылауды бастады
PHOTO
Фото: автордан

Елордада Қазақстанда АЭС салу мәселесін жария талқылау басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қазақстанда атом электр станцияларын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізуге бастамашы болған еді. Бүгінге дейін референдумның күзде өткізілетіні белгіленген болатын.

Елордалықтар Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылауды бастады

Референдум өткізу тәртібі 1995 жылғы 2 қарашадағы «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен регламенттелген.

Елордалықтар Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылауды бастады

Бұған дейіг Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында референдум өткізілгенге дейін өңірлерде жария талқылаулар өткізілген еді. Енді бүгін жиырмасыншы талқылау Астана қаласында өткізіліп жатыр.

Елордалықтар Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылауды бастады

Жария талқылауға атом саласының салалық сарапшылары қатысып жатыр. Жария талқылауларды өткізу барысында азаматтар өздерін қызықтыратын технологиялардың қауіпсіздігі бойынша және АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша кез келген сұрақтарын қоя алады.

Елордалықтар Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылауды бастады
Өзгелердің жаңалығы