Елорда тұрғындары 26 шілде күні сағат 21:00-де Орталық саябақтағы «Қазақстан күні» монументі жанында Астана әкімдігі мен Jіbek Joly телеарнасының ұйымдастыруымен XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарының ашылуын тікелей эфирде тамашалай алады, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық құраманы қолдау іс-шарасында Ұлықпан Жолдасов, Зарина Омарова, Ақтоты Болшова және басқа да эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Сондай-ақ, танымал спортшы Айтым Жақыпов концерт көрермендері арасында ойын-сауық, спорттық батлдар өткізеді.
Жеңімпаздарға Jіbek Joly телеарнасының сыйлықтары табысталады.