Елордалықтар Ботаникалық саябақта йогамен айналысты

8 Мамыр 2024, 07:16
285
Бөлісу:
Елордалықтар Ботаникалық саябақта йогамен айналысты
Фото: gov.kz

"Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" экологиялық акциясы аясында елордадағы ботаникалық бақта ашық аспан астындағы йога сабағы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап. 

Жаппай сауықтыруға негізделген йога сабақтарына әртүрлі жастағы 100-ден аса адам қатысты. Игілікті іс-шараға Үндістанның Қазақстандағы елшілігінің бірінші хатшысы Санджай Веди арнайы қатысып, жылы лебізін білдірді. Ал жаттығуды йоганың кәсіби мамандары жүргізді.

Ежелгі йога білімі арқылы халықты тұрақты түрде спортпен шұғылдануға баулу, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, физикалық және рухани сауықтыру мақсатында елорданың Есіл ауданындағы ботаникалық бақта алғаш рет тегін өткізіп отырмыз. Мерекелік жаппай сабаққа көптеген қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Йога шеберлері қатысушыларға ежелгі өнердің негізгі тетіктерімен таныстырып, дұрыс әрі жүйелі түрде йогамен дұрыс айналысудың тәсілдерін көрсетті, – деді Есіл ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің басшысы Әли Жолтабар.

Ерекше форматта өткен шараға ниет білдіргендердің қатарында астаналықтармен бірге қала қонақтарының да қатары қалың болды. Олардың арасында зейнеткерлермен қатар мектеп оқушылары да жаттығу жасап жатты.

Іс-шара соңында еріктілер бақ аумағын тазартты. Айта кетейік, елордада "Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" экологиялық акциясы өтіп жатыр. Осы апта "Мөлдір бұлақ" атауымен басталды.

Өзгелердің жаңалығы