Елордалық ұландықтар үш баланы тапты

19 Мамыр 2023, 18:55
696
Бөлісу:
Елордалық  ұландықтар үш баланы тапты
PHOTO
Фото: Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Бір күнде екі жағдай болды. Елордалық Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне балаларын жоғалтқан ата-аналардың туыстары келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық ұланының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 2023 жылғы 17 мамырда сағат 18.45 шамасында «Алматы» ауданында патрульдеу бағытында әскери жасақ ересектердің қарауынсыз қалып, жоғалған екі баланы тапты.

Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Ерсұлтан Оразалы патрульдік қатардағы жауынгерлер Қанат Жолдасқалиев пен Аслан Әбеуовпен бірге бұл жағдай туралы патрульдік топтың бастығына дереу баяндады. Шамамен 15 минуттан кейін балалардың анасы әскери қызметшілерге келіп, балаларымен қауышты.

Елордалық  ұландықтар үш баланы тапты

Сол күні сағат 18.50 шамасында «Алматы» ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқару кезінде патрульдеу бағытында әскери жасақ «Magnum Daily» шағын маркетінің жанында жылап тұрған баланы байқайды.

Әскери жасақтың бастығы қатардағы Әлішер Равшанбек пен патрульдік қатардағы жауынгерлер Алиасқар Мұратов пен құрамындағы әскери жасақ дереу баланың ата-анасын іздеуге бет алды. Нәтижесінде, 20 минуттан кейін ұландықтар баланың анасын тапты.

Екі ата-ана да әскери қызметшілерге қырағы қызметтері үшін алғыстарын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы