Елордалық үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі арта түскен

21 Тамыз 2020, 00:03
1538
Бөлісу:
Елордалық үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі арта түскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі екі есеге артқан. Атап айтқанда, белсенді қызмет ететін ұйымдар саны – 1885-тен 2594-ке жетіп отыр. Бұл туралы бүгін қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасының басшысы Т. Рахманбердінің төрағалығымен қоғамдық ұйымдардың әлеуметтік саланы жетілдіру, сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың іске асырылуына байланысты онлайн режимде ашық сұхбат кездесуі өтті.

Кездесу барысында қазіргі уақытта елордалық үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік гранттарды орындауда республика бойынша көш бастап тұрғандығы айтылды. 2019 жылы 28 грантты елордалық ұйымдар иеленсе, биыл 30-ға жетті.

Үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстары Нұр-Сұлтан қаласының Азаматтық бастамалар орталығы арқылы біріздендіріліп келеді. Сонымен қатар, бүгінде олардың қызметін цифрландыруда арнайы ұйымдарға ортақ құрылған және кері байланыс үшін арнайы www.civilcenterelorda.kz сайты қызмет етеді.

Сұхбат барысында Талғат Абайұлы қоғамда әлеумет шиеленісін тудыратын мәселелердің шұғыл алдын алу үшін Нұр-Сұлтан қаласы Азаматтық бастамалар орталығы жанынан мониторинг штабын құруды ұсынды. Бұл ретте, пандемия кезіндегі дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігінен кейін дәріханалардағы препараттардың бағасын арнайы мониторинг тобы бақылайтын болады.

Өзгелердің жаңалығы