Елордалық ТЖД автопаркі жаңа өрт сөндіру техникасымен толықты

15 Желтоқсан 2021, 19:48
1906
Бөлісу:
Елордалық ТЖД автопаркі жаңа өрт сөндіру техникасымен толықты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін орталық алаңда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордалық Төтенше жағдайлар департаментіне 50 жаңа өрт сөндіру техникасының кілті табысталды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Елордалық ТЖД автопаркі жаңа өрт сөндіру техникасымен толықты

Іс-шараға Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, қала әкімі Алтай Көлгінов, азаматтық қорғау ардагерлері мен елордалық ТЖД басшылық құрамы қатысты.

Елордалық ТЖД автопаркі жаңа өрт сөндіру техникасымен толықты

Жарақтандыруға берілген өрт сөндіру автомобильдерінің қатарында 2 АДБ-0,8-40 және 10 бірлік АДБ-0,5 жедел ден қою автомобилі, 11 АЦ 5-40 автоцистернасы бар. 

Елордалық ТЖД автопаркі жаңа өрт сөндіру техникасымен толықты

Сонымен қатар осы техниканың арасында VOLVOFMX базасында АКП-90 автоиінді көтергіш те бар. 

Елордалық ТЖД автопаркі жаңа өрт сөндіру техникасымен толықты

Бұл техника өртті 90 метр биіктікте сөндіруге мүмкіндік береді. 

Елордалық ТЖД автопаркі жаңа өрт сөндіру техникасымен толықты

Бүгін өртке қарсы қызметті жарақтандыру мақсатында елордалық ТЖД гарнизонына жаңа өрт техникасының кілттерін табыс етіп отырмыз. Бұл техника  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржы лизингі аясында сатып алынған. Өрт сөндіру автомобильдері өртке қарсы жұмыстарын жүргізу үшін толыққанды жабдықталған. Автоцистерналар заманауи техникалық талаптарға сәйкес жасалған. Техникалар өртті сөндіруде сенімді және тиімді, - деп атап өтті Юрий Ильин.

Елордалық ТЖД автопаркі жаңа өрт сөндіру техникасымен толықты

Сонымен қатар әкімі Алтай Көлгінов өрт сөндірушілердің кәсібилігі мен ерлігіне өртке қарсы қызметтің техникалық жабдықталу деңгейіне де сәйкес келуі тиіс екенін атап өтті. 

Елордалық ТЖД автопаркі жаңа өрт сөндіру техникасымен толықты

Былтыр Департаментке 10 арнайы машина, биыл тағы 50 арнайы машина берілді. Байқоңыр ауданында өрт сөндіру депосы ашылды. Тағы 3 өрт сөндіру депосын салу жоспарланып отыр. Олардың екеуі тұрғын үй алаптарында орналасады. Осының барлығы материалдық-техникалық базаны жақсартуға және құтқарушылардың жұмысына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін қазақстандық тұрғын үй бағдарламасына қатысушылардың санаты кеңейтілді. Оған ТЖД қызметкерлері де кірді. Сонымен қатар «Елорда Жастары» арнайы тұрғын үй бағдарламасы бойынша тұрғын үй бөлеміз. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне қажырлы еңбегі мен жұмысқа деген ықыласы үшін алғысымды білдіремін, - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Елордалық ТЖД автопаркі жаңа өрт сөндіру техникасымен толықты

Бүгінгі таңда елордалық ТЖ гарнизонында 174 техника бар. 

Елордалық ТЖД автопаркі жаңа өрт сөндіру техникасымен толықты

Оның ішінде 68 негізгі, 37 арнайы және 69 қосалқы техника, оның ішінде үш көлемінде өтімділігі жоғары «Трэкол» техникасы бар. 

Елордалық ТЖД автопаркі жаңа өрт сөндіру техникасымен толықты

Жыл басынан бері елордалық құтқарушылар төтенше жағдайлар орнына 5000 рет шықты. 

Елордалық ТЖД автопаркі жаңа өрт сөндіру техникасымен толықты

Бұл ретте  388 адам, оның ішінде 115 бала құтқарылды, 460 адам эвакуацияланды.

Елордалық ТЖД автопаркі жаңа өрт сөндіру техникасымен толықты
Өзгелердің жаңалығы