Елордалық ҚХА еріктілері қайырымдылық акциясына қатысты

27 Ақпан 2022, 17:05
1174
Бөлісу:
Елордалық ҚХА еріктілері қайырымдылық акциясына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордалық ҚХА еріктілері қарттардың аулаларын қардан тазалау бойынша дәстүрлі сенбілікке шықты.

Қазіргі уақытта қаланы қардан тазарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты көмекке мұқтаж адамдарды, соның ішінде жалғыз басты және қарттардың аулаларын қардан тазарту мәселесі ерекше өзекті болып отыр. Сенбілік Алғыс айту күнін мерекелеу қарсаңында өтті.  Елорда Ассамблеясының өкілдері таңертеңнен бастап елорда тұрғындарының мекен-жайына барды.

Мен бұл үйде жалғыз тұрамын. Сондықтан, біз сияқты қарт адамдарға үйдің ауласындағы қалың қар қабатын тазарту қиынға соғады. Менің ауламды қардан тазалаған еріктілерге алғысымды білдіремін және жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын қалалық Ассамблеяға шын жүректен алғысымды білдіремін, - деді қала тұрғыны Вера Федоровна. 

Ал, қала тұрғыны Фаргиза Гаинулина: «Жастардың игі істеріне қарап, жүрегінің қуанғаны жеткілікті. Алғыс айту күнінде бізді ұмытпай көмек көрсеткендері жүрігімізге жылулық береді. Ұйымдастырушыларға және барша қазақ халқына шын жүректен алғыс білдіремін».

Қардан тазартуға келген еріктілерді тасымалдау үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген арнайы көлік бөлінді. Алдағы уақытта елордалық Ассамблея игі істерді жүзеге асыру жұмыстарын одан әрі жалғастыра беретін болады.

Өзгелердің жаңалығы