Елордалық прокуратура кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады

19 Шілде 2023, 18:54
601
Бөлісу:
Елордалық прокуратура кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады
Фото: Астана қаласының прокуратурасы

Прокуратура органдары бизнестің қызметі мен дамуына кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың әрекеттерінен қорғау үшін белсенді жұмыс атқарып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы мақсатта Астана қаласының прокуратурасымен мемлекеттік кірістер органдарының камералдық бақылау нәтижелері бойынша шығарылған актілеріне талдау жүргізді.

Талдау нәтижелері бойынша Салық кодексінің 118-бабының 1-тармағы 7-тармақшасының талаптарын бұзатын елордалық кәсіпкерлерге қатысты шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы заңсыз өкімдер шығару фактілері анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісімен кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды, барлық заңсыз өкімдер жойылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Кәсіпкердің құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы