Елордалық прокуратура алимент төлемеген тұлғаны жауапкершілікке тартты

13 Қыркүйек 2023, 22:15
677
Бөлісу:
Елордалық прокуратура алимент төлемеген тұлғаны жауапкершілікке тартты
Фото: BAQ.KZ - архив

Астана қаласы Нұра ауданының прокуратурасы алимент бойынша берешек сомасын өндіріп алу туралы талдау жүргізу барысында 2015 жылдан бері 19 млн теңгеден астам берешегі бар алимент төлемеген тұлғаны анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аудан прокуратурасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 669-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен борышкер 5 тәулікке қамауға алу әкімшілік жауапкершілігіне тартылды.

Елорда прокуратурасы алимент төлеуден жалтарғаны үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілік немесее 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу, сондай-ақ 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады, - деп хабарлады Астана қаласының прокуратурасы.

Өзгелердің жаңалығы