Елордалық полицейлер қолайсыз ауа райында жолға шықпауға шақырды

Астана қаласы Полиция департаменті елордалықтарды қазіргі қолайсыз ауа райында қаладан шықпауға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 9 Ақпан 2024 2024, 23:50
9 Ақпан 2024 2024, 23:50
811
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Астана қаласы Полиция департаменті елордалықтарды қазіргі қолайсыз ауа райында қаладан шықпауға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Соңғы тәуліктерде ел аумағында бұрқасын, қатты жел, боран болып, жаңбыр жауып, ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар облыста көлік қозғалысына шектеулер енгізілді.

Ауа райына байланысты 8 ақпаннан бастап барлық қызмет күшейтілген режимге көшті.

Құрметті көлік жүргізушілері, қолайсыз ауа райы жағдайында елдімекендерден шықпауға және қала сыртына шығудан бас тартуға шақырамыз! Өзіңізді және жақындарыңызды негізсіз тәуекелге ұшыратпаңыз! - делінген хабарламада.

Наверх