Елордалық полицейлер есірткі тасымалдаумен айналысқан жүргізушіні қолға түсірді

4 Наурыз 2024, 14:15
253
Бөлісу:
Елордалық полицейлер есірткі тасымалдаумен айналысқан жүргізушіні қолға түсірді
Фото: Polisia.kz

Астаналық сақшылар көлігіне ірі көлемде есірткі заттарын сақтаған қала тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Бөгенбай батыр даңғылы мен Күмісбеков көшесінің қиылысында тәртіп сақшылары "КИА РИО" автокөлігін тоқтатқан. Полицейлер көлікті тінту кезінде 52 қаптамадағы синтетикалық "Мефедрон" есірткі заты мен 15 қаптама "Марихуана" есірткі затын тапқан.

Жүргізуші телеграмм-каналдардың бірінен марихуана сатып алғанын айтқан.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың үстінен есірткі заттарын өткізу мақсатында сатып алу, сақтау және тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам полицияның уақытша ұстау изоляторына жеткізілді, - деді елордалық полиция.

Өзгелердің жаңалығы