Елордалық полицейлер алаяқтардың банк қызметкері болып қалай алдайтынын түсіндірді

13 Ақпан 2022, 14:31
1441
Бөлісу:
Елордалық полицейлер алаяқтардың банк қызметкері болып қалай алдайтынын түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордалық полицейлер алаяқтардың адамдарды алдау үшін AnyDesk және TeamViewer бағдарламаларын қалай пайдаланатынын айтып берді.

Тәртіп сақшылары желіде алаяқтық фактілерінің көбейгенін атап өтті.

Алаяқтар өздерінің схемаларында үшінші тарап құрылғысына қашықтан қол жеткізу үшінтанымал және заңды бағдарламаларды пайдаланады. Мобильді банкинг дағдыларын толық білмейтін азаматтарға алаяқтар AnyDesk және TeamViewer қосымшаларын жүктеп алуды ұсынады. Осылайша, олар мобильді құрылғыларға немесе компьютерлерге толық қол жеткізе алады, бұл оларға азаматтардың ақшасын ұрлауды жеңілдетеді.

Сондай-ақ бүгінгі таңда кең таралған схемалардың бірі - банк қызметкерлерінің атынан қоңырау шалу. Көбінесе алаяқтар банктік карталармен кез келген күмәнді транзакцияларды жасаймыз деген сылтаумен Call-орталықтың ресми нөмірлерін қайталау арқылы жаңылыстыруға тырысады. Өздерінің банк секторындағы білімдерін пайдакүнемдік ниетпен пайдалана отырып, олар өз құрбандарын шатастыруға тырысады. Ал бұл көбінесе жеке мәліметтерді анықтап алуға ықпал етеді. Аңғал азаматтар алаяқтарға банк картасының деректемелерін, CVV-кодтарын және алынған SMS құпия сөздерін береді, нәтижесінде ақшалай қаражатты шоттардан шығарып алуға әкеледі.

Алаяқтардың құрбаны болмау үшін карта ұстаушылары, деректемелер мен SMS құпия сөздер туралы ақпарат сұралатын банк қызметкерлерінен келіп түскен кез келген қоңырауларды тоқтату керек. 

Есіңізде болсын, банк қызметкерлері мұндай ақпаратты сұрап, ешқашан хабарласпайды. Осындай жағдайларда сақ болуларыңызды және барлық факті туралы полицияға хабарлауыңызды сұраймыз, - деді ПД Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Талғат Бөлегенов.

Өзгелердің жаңалығы