Елордалық көршілер Құрбан айтты өз ауласында атап өтті

11 Шілде 2022, 12:14
2690
Бөлісу:
Елордалық көршілер Құрбан айтты өз ауласында  атап өтті
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы Ілияс Омаров 23/1 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдегі көршілер аулада қой сойып, Құрбан айт мерекесін атап өтті. 

Құрбан айт аталған үй тұрғындарының біріге жасап жатқан бірінші мерекесі емес. Бұдан бұрын көршілер Наурыз мерекесі мен Халықаралық балалар күнін де өз ауласында атап өткен. Ал күллі мұсылманға ортақ мерекені өткізуді көктемде жоспарлап қойған.

Көршілермен бірігіп, құрбандық шалып, құран бағыштап, ниет еткен жайымыз бар. Үлкен кісілердің батасын алдық. Шараға бір үйдің баласындай барлық көршілер атсалыстық. Біріміз қазан-ошақты реттесек, біріміз қой сойып, біріміз самаурын қайнатсақ, біріміз дастарқан жайып жаттық, - дейді іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі Мұрат Ахметов.

Елордалық көршілер Құрбан айтты өз ауласында  атап өтті

Құрбан айт мерекесін атап өту үшін көршілер екі мың теңгеден жиналып, екі қошқар, дастарқанға арналған азық-түлік алған. 

Елордалық көршілер Құрбан айтты өз ауласында  атап өтті

Құрбан айт мерекесін көршілер болып атап өткенімізге қуаныштымын. Осылай үлкен кісілердің қауқылдасып отырғанына қарап, көзім қуанып, жүрегім жылып қалады. Басқа үйдің аулаларына барсаң, осындай көріністі көрмейсің. Біздің көршілер тамаша, - деді үй тұрғыны Мөлдір Сәрсенбекқызы. 

Елордалық көршілер Құрбан айтты өз ауласында  атап өтті

Айта кету керек, Ілияс Омаров 23/1 мекенжайындағы бұл үй тұрғындарға 2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша берілген.

Елордалық көршілер Құрбан айтты өз ауласында  атап өтті
Елордалық көршілер Құрбан айтты өз ауласында  атап өтті

    

Өзгелердің жаңалығы