Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен түні «Аққу» тұрғын үй кешенінен ер адам құлап кетті, деп хабарлады Bnews.kz.
Куәгерлердің сөзінше, оқиға ерлі-зайыптылар арасындағы ұрыс-керістен кейін болған.
Куәгер редакцияға оқиға орнынан суреттерді жіберген.
"ПИК төрағасының сөзінше, ер адам ұрыс-керістен кейін құлап кеткен көрінеді. Ол шамамен 7-қабаттан құлаған", – деді куәгер.
Айта кетейік, кеше елордада Highvill тұрғын үйінің 33-қабатынан ер адам секіріп кетіп, қаза болған болатын.