Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елордалық емханалар шұғыл көмектің жаңа үлгісіне көшті

25 Шілде 2025, 17:40
882
Бөлісу:
 автордан
PHOTO
Фото: автордан

Қазақстанда мемлекеттік емханалардың, соның ішінде медициналық қызметтердің қолжетімділігін реттеу мен сапасын арттыру жолға қойылғаны белгілі. Осы салада үнемі ішкі өндірістік жұмыстар жаңғыртылып келеді. Солардың бірі болып елордадағы №5 қалалық емхана шұғыл медициналық көмек көрсетудің пилоттық жобасын қолға алған болатын. BAQ.KZ тілшісі емханада өткен баспасөз туры барысында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып қайтты.

Елордалық емханалар шұғыл көмектің жаңа үлгісіне көшті

№5 қалалық емхана – былтыр күзде ұйымдастырушылық құрылымды қайта қарап, жаңа қызмет көрсету форматтарын енгізген алғашқы медициналық ұйымдардың бірі. Мекеме стационардағы дәрігерлер жүктемесін азайтып, шұғыл алғашқы көмек қолжетімділігін арттыруды мақсат етіп қойған. Яғни жаңашыл бағыттағы бөлімшелердің көмегімен учаскелік дәрігерді үйге шақырулар саны азайып, емханада пациенттерді қабылдау уақыты артады.

Елордалық емханалар шұғыл көмектің жаңа үлгісіне көшті

Атап айтқанда, емханада бірнеше бөлімше құрылып, мейіргерлік қабылдау енгізілген.

Шұғыл көмек көрсету бөлімшесі – фильтр, Call-орталық және шұғыл көмек көрсету кабинетін біріктіріп отыр. Бұл жерде жағдайы ауыр науқастармен жедел әрекет ету үшін толыққанды бөлімше ашылды.

Елордалық емханалар шұғыл көмектің жаңа үлгісіне көшті

Емхана басшылығының мәліметінше, бөлімшедегі дәрігерлер саны артып, жүктеме үшін еңбекақыға 150% мөлшерінде үстемақы енгізілген.

Былтыр қыркүйекте №5 емханада осы пилоттық жобаны қолға алдық. Жеті ай бойы сыналған жоба қазір қаладағы басқа да емханаларға енгізілді. Қазіргі таңда шұғыл көмек көрсету бөлімшесі Астананың 8 емханасында бар. Бұл ең алдымен, стационардағы жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Жоба өзінің алғашқы нәтижесін биыл көрсете бастады. Сандық та, сапа жағынан да оң нәтиже бар. Жедел жәрдемге түсетін күш те төмендеді. Бұл – Израиль елінің тәжірибесі, - деп түсіндірді Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова.

Емханада сондай-ақ үйде қызмет көрсететін мобильдік бригадалар құрылған. Емхананың жұмыс уақытында 4-санатты жедел жәрдем шақыруларына қызмет көрсететін үйге шығатын бригадалар жұмысы жолға қойылған.

Елордалық емханалар шұғыл көмектің жаңа үлгісіне көшті

Бұл жобаны былтыр қыркүйекте қолға алдық. Министрліктің тапсырмасына сәйкес, еліміздің барлық өңірінен бас дәрігерлер келіп, тәжірибе алмасты. Өзіміздің білетін жұмысымыздың бәрімен бөлістік. Дәрігерлер бұрын 4 сағат емханада науқасты да қабылдап, қалған уақытында шақыртуларға да баратын. Қыста шақыртулар 10-15-ке дейін, ал жазда 5-6 адам, оған қоса, патронаждар болатын. Қазір тек емханада қабылдайды. Ал шақыртуларға мобильдік бригада барып, пациенттердің жағдайы бойынша дәрігерлермен бөлісіп, үнемі кері байланыста болады, - дейді емхана директоры Алтыншаш Табулдина.

Сонымен қоса тағы бір айта кететін тұсы – медбикелердің науқастарға өздігінен қабылдау жүргізуі. Бұл дегеніміз – орта медицина қызметкерлерінің өкілеттілігі кеңейтілгенін білдіреді: Медбикелер алдын алу және патронаж шаралары аясында науқастарды өздігінен қабылдайды.

Елордалық емханалар шұғыл көмектің жаңа үлгісіне көшті

Медбикелер бұл практиканы тез меңгеріп, өте жақсы қабылдады. Пациенттер тарапынан да жағымды пікірлер алып жатырмыз. Бұл практиканың арқасында онкологияны анықтау деңгейі артқанын айта кеткім келеді, - деп атап өтті емхана басшысы.

Мәлім болғандай, бұл тәжірибе емханаға тіркелген адамдарды стационарға жүгінуді азайтқан.

Елордалық емханалар шұғыл көмектің жаңа үлгісіне көшті

 Күніне кем дегенде 7 адамды қабылдау керекпіз. Бірақ көбінесе одан көбірек, 12-13 адам келеді. Бізге қабылдау келетін пациенттерді өзіміз реттейміз. Диспансерлік есепте тұрған пациенттерге хабарласып, уақытын белгілеп, қабылдауға шақырамыз. Мамандарға зертханалық талдаулар мен диагностикаға жолдамаларды жазып береміз. Жұмысымызда тегін дәрілік препараттарды жазып беру, тар шеңберлі маманға жолдама беру, өзіміздің медбикелік диагнозымызды қою құзыреті берілді. Науқасқа тамақтану, күтіну бойынша нұсқаулық ұсына аламыз, - дейді дербес мейіргерлік қабылдау медбикесі Кристина Опалендер.

Елордалық емханалар шұғыл көмектің жаңа үлгісіне көшті

Науқастарды денсаулығына қарай оңтайландыру және қабылдау реттелген.

Елордалық емханалар шұғыл көмектің жаңа үлгісіне көшті
  • Бұрын барлық науқас тек учаскелік дәрігерге жүгінсе, қазір олардың қаралу бағыты қайта бөлінді:
  • Диспансерлік немесе алдын алу тексеруіне келген науқас – медбикеге;
  • Жіті жұқпалы ауру белгілері бар науқас – фильтрге:
  • Шұғыл көмекті қажет ететін науқас – Шұғыл көмек бөлімшесіне жіберіледі.
Елордалық емханалар шұғыл көмектің жаңа үлгісіне көшті

Емханадағы медбикелердің жұмысына ризамын. Медбикелер өздері хабарласып, шақырады, тексереді. Дәрімізді де уақытында аламыз. Өзім гипертениялық аурумен, күйеуім қант диабетімен есепте тұрамыз, - деп ағынан жарылды медбикенің қабылдауына келіп отырған пациент Жанар Анатбаева.

Жобаға сәйкес, учаскелік дәрігердің қабылдау уақыты 6 сағатқа дейін ұзартылған. Бұған дейін учаскелік дәрігер 4-5 сағат қабылдаса, енді 6 сағат уақытын пациентке арнайды. Дәрігер үйдегі шақыртуларға шықпай, тек емханада жұмыс істейді. Осылайша, уақытын тиімді пайдаланып, науқастарға жүйелі түрде көңіл бөлуге мүмкіндік туды.

Өзгелердің жаңалығы