Елордалық дәрігерлер жүкті әйелге бірден екі ота жасады

29 Қыркүйек 2023, 10:41
753
Бөлісу:
Елордалық дәрігерлер жүкті әйелге бірден екі ота жасады
Фото: Ұлттық нейрохирургия орталығының баспасөз қызметі

Ұлттық нейрохирургия орталығында нейрохирург дәрігерлер Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының акушер-гинекологтарымен бірлесіп жүкті әйелге бір мезгілде екі ота жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Науқас миының сол жақ маңдай-самай-төбе бөлігіндегі ісікті микрохирургиялық алып тастау және жүктіліктің 34 аптасында кесарь тілігі арқылы босану операциясы сәтті аяқталған.

Елордалық дәрігерлер жүкті әйелге бірден екі ота жасады

Шілде айында жас әйелде көлемді ісік анықталған. Жүктіліктің 29-шы аптасында ол Ұлттық нейрохирургия орталығына жатқызылды және іштегі шарананы сақтай отырып, сол жақ маңдай бөлігінің ісігін алып тастау үшін операция жасалды. Науқас денсаулығы жақсарып, үйге шығарылды.

Елордалық дәрігерлер жүкті әйелге бірден екі ота жасады

Бірақ көп ұзамай әйел соңғы уақытта денсаулық жағдайының нашарлағанын байқай бастады. Динамикада миға МРТ жасалды, онда ісік мөлшерінің ұлғаюы анықталды. Операциядан кейін науқастың негізгі диагнозы дами бастады, ісік мөлшері ұлғая бастады және функционалды маңызды аймақтарға тез өсе бастады, бұл пациенттің қозғалыс және сөйлеу орталықтарының бұзылуына әкелді.

Елордалық дәрігерлер жүкті әйелге бірден екі ота жасады

Мидың сол жақ маңдай-самай-төбе бөлігіндегі ісікті микрохирургиялық алып тастау екінші операциясын нейрохирург дәрігерлер жасады. Көлемді ісік толығымен жойылды. Дәрігерлердің басты міндеті ана мен оның іштегі баласына зиян келтірмеу үшін дұрыс хирургиялық тәсілді таңдау болды.

Нейрохирургтармен бір мезгілде кесарь тілігі арқылы босанған акушер-гинекологтар жұмыс істеді. Салмағы 1350 грамм және бойы 48 см бала дүниеге келді. Жаңа туған нәресте одан әрі медициналық күтім жасау үшін Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының Неонатология бөлімшесіне ауыстырылды.

Екі бірдей отаны Нейрохирургия орталығының үздік дәрігерлерлік командасы жүргізгені белгілі болды.

Елордалық дәрігерлер жүкті әйелге бірден екі ота жасады

Бақытқа орай, екі операция да сәтті өткен. Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы, салмақ жинап, өсе бастады. Науқас сондай-ақ өзін жақсы сезінеді және жағдайы жақсарған соң үйіне шығады.

Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері мұндай отаны үшінші рет жасап отыр.

Өзгелердің жаңалығы