Елордалық оқушылар күзгі демалысты қалай өткізеді?

5 Қараша 2020, 12:03
2146
Бөлісу:
Елордалық оқушылар күзгі демалысты қалай өткізеді?
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық оқушылардың 5-15 қараша аралығындағы демалысы «Күзгі интерактив» ұранымен өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде өткен онлай брифинг барысында айтып берді.

Осыған орай елордалық оқушылардың күзгі каникулын мағыналы өткізілуінің іс-шаралар жоспары жасалды. Каникул кезінде құқық қорғау мамандарының кеңестері, жоғары оқу орындарына вируталды саяхттау, челленждер өткізу, танымал спортшылармен кездесу, 3 Д модельдеу, робототехника, қолдан жасалған сурттер көрмесі өтеді. Пандемияға байланысты бұл шаралардың бәрі онлайн өтетін болады, - деді ол. 

Оның айтуынша, 20-қазан-20 қараша аралығында дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқы, адам құқығы» айлығы өтеді. Айлық барысында құқықтық ақпараттандыру, отбасылық құндылықтарды нығайту, өмірлік қиындықтарға тап болған отбасыларға қайырымыдылық жасау ұйымдастырылмақ. 

Сондай-ақ, 9 қарашада оқушылардың Ұлы Абайдың шығаршамашылығына қызығушылығын арттыру мақсатында әлеуметтік желіде «Мен Абайды жырлаймын» челленджді басталады.

 


 

Өзгелердің жаңалығы