Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде өткен онлай брифинг барысында айтып берді.
Оның айтуынша, бірінші тоқсанда мектептередің басым бөлігі онлайн форматта білім алды. Елорданың 40 мыңнана астам бастауыш сынып оқушылары үшін 3111 кезекші сынып ұйымдастырылған.
Бірінші тоқсанның басында оқушылар тап болған қиындықтардың бірі бір сыныпта әр пән мұғалімінің әр түрі интернет платформаларды пайдалануы. Демек оқушыларға әр түрлі бағдарламаларды жүктеу қажет болған. Алайда бұл мәселе дер кезінде шешілді. Ұстаздармен семинар ұйымдастырып, бір сыныптың тек бір платформаны пайдалануы жөнінде нұсқаулық берілді, - деді ол.
Сондай-ақ Білім басқармасының басшысы орта білім беру ұйымдары синхрондық және асинхрондық білім беру платформалары ішінде отандық онлайн мектеп және дарын онлайнды пайдаланғанын атап өтті. Оның ішінде 79-і онлайн мектепті, 32-сі дарын онлайн, 29 мектеп екі платфороманы да қолданған.
Осы тоқсанда бірінші сынып оқушыларына бағалау жүргізілмеді. Ал 2-11 сынып аралығындағы оқушылардың тоқсандық бағалары әдеттегідей 1-10 баллдық жүйемен бағаланады. 5-15 қазан аралығында барлық мектептерде жиынтық бақылау өткізіліп, 28 қазан-3 қараша аралығында тоқсандық жиынтық бақылау өткізілді. Барлық мектептер осы кестеге сай жұмыс жасады. Тоқсанды қорытындылауда қиындықтар туындаған жоқ, - деді ол.
Білім басқарамасының басшысы бүгіннен 15-қарашаға дейін мектептерде күзгі каникул басталғанын атап өтті.