Елордалық мектептерге «жарылғыш зат» қойылды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астананың мектептеріне жарылғыш зат қойылды деген жалған хабарлама түсті. Бұл мәліметке қатысты Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді.</h4>

 11 Қазан 2021 2021, 18:57
11 Қазан 2021 2021, 18:57
9574

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астананың мектептеріне жарылғыш зат қойылды деген жалған хабарлама түсті. Бұл мәліметке қатысты Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Бүгін полицияның «102» пультіне хабарлама келіп түсті. Онда Нұр-Сұлтан қаласы жалпы білім беретін мектептерінің электрондық поштасына белгісіз біреулер ғимараттарға жарылғыш заттардың қойылғандығы туралы хабарлаған.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті қызметкерлері тексеріс жүргізді. Ақпарат расталмады. Жарылғыш заттар анықталмады. Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген ПД хабарламасында.

Қалалық ПД баспасөз қызметі жарылғыш зат туралы жалған хабарлама қалдыру қылмыстық істің қозғалуына әкеп соғатынын ескертеді. 

Азаматтардан мессенджерлерден жалған ақпарат таратпауларын және дүрлікпеуін сұраймыз, - делінген хабарламада.

Наверх