Елордалық балалар ауруханасында берілген сорпадан шыққан құрт: Ешкімге жаза қолданылған жоқ

10 Желтоқсан 2020, 04:25
1899
Бөлісу:
Елордалық балалар ауруханасында берілген сорпадан шыққан құрт: Ешкімге жаза қолданылған жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада балалар ауруханасындағы емделушінің сорпасынан құрт шықты. Бұл туралы науқастың әкесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазған, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, емделіп жатқан баланың әкесі әлеуметтік желісіне берілген сорпаның суретін де салып, пост жазған. Бұл шулы пост кейіннен өшірілді. Алайда оған Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы назар аударып үлгерді. Осы жайтқа байланысты арнайы қызметтік тергеу жүргізілген. Нәтижесінде, ауруханадағы тамақ тарату бөлмесіне талап күшейтілді. Ал аурухана басшылығы болса, баланың ата-анасынан кешірім сұрады. Негізі, емдеу мекемесіне тамақ сырттан әкелінетін көрінеді.

Күн сайын 8-ден кешкі 8-ге дейін бөлмелердегі тарату жұмысы, санитарлық-эпидемиологиялық режим қораптардағы азық-түліктердің сапасын тексеру күшейтілді. Тамақ тарату объектілерінде барлық бақылау жұмысы жүргізілді. Жаза дегенде ешбір қызметкерге жаза қолданылған жоқ, - деді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардаққызы.

Еске сала кетейік, Қазақстанның ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов №3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына шағымданған болатын. Ол ауруханада баласына берген сорпа ішінен құрт шыққанын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы