Медициналық қызметтің сапасы туралы сұрақтармен қайда хабарласуға болады?

5 Қаңтар 2020, 20:51
4041
Бөлісу:
Медициналық қызметтің сапасы туралы сұрақтармен қайда хабарласуға болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды.

Сол ретте пациенттер тарапынан түскен медициналық қызметтерді көрсету сапасына қатысты шағымдар мен ұсыныстар 5 түрлі жолмен Медициналық сақтандыру қорымен қабылданады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

Азаматтар дәрігерлердің дөрекі қарым-қатынасы орын алғанда, көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне қатысты, сондай-ақ тегін медициналық қызметтерге ақы төленгенде, олардың сапасы мен қолжетімділігін жақсарту бойынша ұсыныстарды білдіре алады. 

Медициналық сақтандыру қоры қызметкерлерінің хабарлауынша, қорға жүгінудің 5 тәсілі бар.

Осылайша, пациенттер әрбір медициналық ұйымда жұмыс істейтін ішкі аудиттің пациенттерді қолдау қызметіне ұсыныс қалдыра алады. Кері байланыс үшін байланыс деректерін көрсете отырып, бас дәрігердің атына жазбаша өтініш жазу жеткілікті. 

Екінші тәсіл – MVOTER мобильдік қосымшасында медициналық ұйымға баға беру. Ол үшін МӘМС пайдаланушысы қосымшаны жүктеп, медициналық мекемеде Медициналық сақтандыру қорының жеткізушісінің QR-кодын сканерлеп, қызмет сапасын бағалау қажет. 

Сондай-ақ, азаматтар  қор сайтының "Халықтық бақылау" бөлімінде мына сілтеме арқылы жазбаша өтініш қалдыра алады. Қорға өтініш қалдырудың бесінші тәсілі – әлеуметтік желілер мессенджерлеріне хабарлама жіберу: fondosms (facebook, vk), fms.kz (Instagram).



Өзгелердің жаңалығы